WORLD GAMES 2025

Қазақстандық 5 джиу-джитсу спортшылары 2025 жылы ҚХР Ченду қаласында өтетін Дүниежүзілік Ойындарына (Всемирные Игры) жолдама алды!

Джиу-Джитсудан Дүниежүзілік ойындарына бір салмақтан тек 6 спортшы қатыса алады, әлемдік JJIF (WORLD RANKING) рейтингіндегі топ-4 спортшы тікелей жолдама алса, қалған 2 спортшы қосымша қосылады.

Әлемдік үздік төрттікке кірген ұлттық құрама мүшелері:

  • Батырбеков Нұржан / не-ваза -69 кг, WR-1
  • Дүйсенқұлов Нұрсұлтан / файтинг -77 кг, WR-2
  • Жәнібек Әбу-Бәкір / файтинг -69 кг, WR-3
  • Болатбек Сейілхан / не-ваза -77 кг, WR-4
  • Қанатбеков Аслан / файтинг -62 кг, WR-4

Дүниежүзілік ойындар — Олимпиада ойындарына қатыспайтын спорттарды қамтитын халықаралық іс-шара.

Ол төрт жылда бір рет, 11 күнге созылатын Жазғы Олимпиада ойындарынан кейін бір жылдан кейін өткізіледі. Дүниежүзілік ойындарды Халықаралық Олимпиада комитетінің қамқорлығымен Дүниежүзілік ойындардың халықаралық қауымдастығы өткізеді.

2025 жылы, тамыздың 7-17 аралығында Ченду қаласында өтеді.