Ақтауда дзюдодан КСРО спорт шебері Жұбатқан Төрекенұлын еске алуға арналған республикалық ашық турнир басталады.
Ақтауда дзюдодан КСРО спорт шебері Жұбатқан Төрекенұлын еске алуға арналған республикалық ашық турнир басталады.
Ақтауда алғаш рет 25-28 қыркүйек күндері дзюдодан 2011-2012 және 2014-2015 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында КСРО спорт шебері Төрекенұлы Жұбатқанды еске алуға арналған ашық республикалық турнирі басталады. Бұл туралы турнир алды өткен брифингте Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мақсат Мұқаш хабарлады.
Спикердің айтуынша, турнирдің басты мақсаты - дзюдошылардың шеберліктерін шыңдау, өзге мемлекеттің спортшыларымен қарым-қатынасты нығайту.
-Жарысқа еліміздің 17 облыс, 3 қаласынан және шет мемлекеттерден 1000-ға жуық спортшы қатысады. Бұл турнир өзгелерден ерекше. Себебі, алғаш рет Маңғыстауда 5 татамиде болады. Бәсекеде 1,2,3 орын алған дзюдошылар ҚР спорт шеберіне үміткер немесе ҚР 1,2,3 дәрежелі разрядтарын алатын болады. Сондықтан, барша қатысушыларға сәттілік тілеймін!, - деді Мақсат Мұқаш.
Сондай-ақ, Ақтау қаласы әкімі аппаратының басшысы Асқар Қолғанатұлы бұндай жарыстар спортшыларымыздың тәжірбиесін арттырып қана қоймай, өңіріміздің туризм саласына оң әсерін тигізетінін жеткізді.
-Жыл сайын қаламызда осындай турнирлер өткізіліп келеді. Бұл өңіріміздегі спорт саласының қарқынды дамып жатқандығының белгісі. Осындай сындарлы сайыстар тек спорт саласына ғана емес, туризм саласына да оң әсерін тигізуде. Дода үшін қаламызға келетін спортшылар, көрермендер, жанкүйерлер көп. Олар көбінесе қаламызды қызықтап, оң әсерін алып жатады. Шын жүректен қуаныштымыз! Сондықтан облысымызда осындай жарыстар жалғасын таба берсін. Барша ұйымдастырушыларға сәттілік тілеймін!, - деді Асқар Қолғанатұлы. Қазақстан Республикасының жауынгерлік өнер ассосациациясының вице президенті Абай Батыров турнирмен қатар, өңірде бүгін «АБИК-ОІМРВЕТ» жауынгерлік өнер фестивалі басталғанын айтты.
-Өздеріңізге белгілі турнирдің бас ұйымдастырушысы Манарбек Бисекенов жақында Маңғыстау облыстық жауынгерлік өнер ассоциациясының директоры болып тағайындалған болатын. Ассоциация Ақтау қаласында «АБИК-ОІМРВЕТ» жауынгерлік өнер фестивалін өткізгелі жатыр. Ол Манарбек Жұбатқанұлының ұйымдастыруымен болғалы отыр. Фестивальда спортшылар дзюдо, джиу-джитсу, грэпплинг, жекпе-жек сайысы спорт түрлерінен бақ сынасады. Басты мақсат - жастар мен ересек ұрпақты батылдыққа, елін қорғайтын батырлыққа, ұлттық ата-баба салт-дәстүрімен рухани байлыққа бейімдеу. Фестиваль 25-26 қыркүйек күндері «Маңғыстау арена» спорт кешенінің екінші қабатында өтеді. Фестивальға барлығы 1400 спортшы қатысады. Осындай ауқымды спорттық іс-шараны ассоциация үлкен сеніммен Манарбек Жұбатқанұлына тапсырды. Оның қолынан келетінін, барлығын жоғары деңгейде өткізітініне сенім білдірді, - деді Абай Батыров.