🏅🇰🇿 Садақ ату: Қазақстан Азия кубогында тағы алтын медаль жеңіп алды
Қазақстан құрамасының қоржынына Сингапурдағы садақ атудан Азия кубогында 2-алтын жүлде түсті.
💥Құралмалы садақпен (Compoundbow) атудан Қазақстан ерлер командасы финалда үндістандық спортшыларды жеңді. Есеп: 235-231. Ел намысын Андрей Тютюн, Мұса Ділмұхамет пен Буннед Мирзаметов қорғады.
Осымен Азия кубогының 2-кезеңі аяқталды. Ұлттық құрама бәсекеде 2 алтын, 1 қола медаль иеленді.
🥇 Алтын — Қазақстан ерлер құрамасы
🥇 Алтын — Адель Жексенбинова мен Андрей Тютюн (микст)
🥉Қола — Қазақстан әйелдер құрамасы (Виктория Лян, Адель Жексенбинова, Роксана Юнусова);