Қоян-қолтық ұрыстан (рукопашный бой) Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті

Күні кеше ғана Астана қаласында Қоян-қолтық ұрыстан (рукопашный бой) Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті!

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің базасында құрылған @batyr_team спорт клубының спортшылары 5 алтын, 7 күміс, 6 қола медаль жеңіп алды!

Төтенше жағдай қызметкерлерді жеңістерімен шын жүректен құттықтаймын!

Алдағы Әлем чемпионатына сәттілік тілеймін!

Чемпионатты осындай жоғары деңгейде ұйымдастырған “Бүкіл Қазақстандық жекпе-жек” қауымдастығының ұжымына алғыс білдіремін!

Еліміздің спорты дами берсін,
Көк туымызды биікке көтеретін спортшыларымыз көп болсын!