Ел чемпионатының екінші күні аяқталды
Сенсацияға толы ел чемпионатының екінші күні өз мәресіне жетті. Жас палуандар қарама-қарсы тұрған қарсыластарының атақтарына қарамай, таңғаларлық бәсеке көрсетті. Өңіріміздің самбошылары осы күні де жақсы жетістікке қол жеткізді. Атап өтсек, 53 және 58 келіде қос спортшымыз финалға шығып, Жастлек Ахметбеков күміс жүлдеге ие болса, Мирас Уәлиев төреші ықтиярымен Қазақстан чемпионы атанды. Айым Еламан және Әділ Асанхан көрермендердің есінде қалатындай сәнді күресіп көрсетіп, қола жүлдеге қол жеткізді. Әзірше Қостанай облысының самбошылары жалпы командалық есепте бірінші орында.