Щучинск қаласында Ғаламдық Таеквондо (GTF) федерациясының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының жастар және ересектер арасындағы чемпионатында Маңғыстау облысы құрамасы Жас Батыр спорт ме
2025 жылдың мамыр айының 10–12 күндері аралығында Щучинск қаласында Ғаламдық Таеквондо (GTF) федерациясының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының жастар және ересектер арасындағы чемпионатында Маңғыстау облысы құрамасы Жас Батыр спорт мектебінің оқушылары жақсы нәтиже көрсетті.
Атап айтқанда:
1 – Жұмажан Рүстем поинт-стоп бөлімі бойынша 18–36 жас аралығында 76кг салмақта чемпион 🥇 атанып “Спорт шебері” атағын жеңіп алды және де Абу-Даби қаласында өтетін әлем чемпионатына жолдама жеңіп алып, Масоги бөлімі бойынша екінші орынға ие болды
2 – Қалдбай Сабрина массоги бөлімі бойынша 2-ші 🥈 орынға тұрақтап әлем чемпионатына (Абу-Даби) жолдама жеңіп алды
3 – Сайфеден Али поинт-стоп бөлімі мен Массоги бөлімі бойынша 3-ші 🥉🥉 орындарға ие болды.
Өңіріміздің спортшыларына алдағы жарыстарға сәттілік тілейміз, және де қолдау көрсеткен (МБЖСМ) Жас Батыр спорт мектебінің басшылығына алғысымызды білдіреміз!