Қазақстанның Жауынгерлік Өнер Ассоциациясы Досмұханбетов Темірхан Мыңайдарұлының қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы, туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

Әрбір саналы жастың еліктейтін, үлгі тұтары, бой түзейтін тұлғасы бар. Сондай ағаларымыздың бірі, Қостанай өңірінің тумасы, Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетінің төрағасы, педагогика ғылымдарының кандидаты, КСРО және ҚазКСР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Темірхан Мыңайдарұлы еді.

Нағыз мақтануға лайық түлға өзінің карерасын жаттықтырушыдан бастап көптеген жоғары лауазымды қызметтер атқарды. Бапкер, саясаткер, үлкен тұлғаларымыздың бірі ол артында келе жатқан іні-қарындастарына үлгі-өнеге көрсетіп, өзінің іс-әрекетімен тәрбиелеп кетті.

Осындай нар тұлғалы бетке ұстар ағамыз өнегелі өмір жолын келер ұрпақ мәңгі ұмытпайды, деп сенеміз.

Саналы ғұмырын туған елі мен жерін түлетуге арнаған азаматқа иман байлығын, артында қалған туған-туысқандарына сабыр тілейміз.

Қазақстанның Жауынгерлік Өнер Ассоциациясының Президенті Әнуар Садықұлов