Нұр-Сұлтан – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайды қамтамасыз ететін қалалық жедел штабтың жұмысымен танысты. Мемлекет басшысы аймақтық қорғаныс бригадасының әскери қызметкерлерімен кездесіп, қорғаныс күштерінің дайындығын байқады. Уақытша құрылған ұйымның жұмысы қаланың өмірлік қажеттіліктерін қамтамасыз етуге байланысты мәселелердің барлығын шешуге бағытталған. Мұндай штабтар әрбір облыс орталығы мен республикалық маңызы бар қалаларда құрылған. Қалалық штаб бригадасында бүгінде 4000 адам жұмыс жасауда. Олар, блокпост, дезинфекция, құқық қорғау және әкімдік қызметкерлеріне көмек берумен айналысуда. Өз еркімен штабқа қосылғандардың қатарында Қазақстанның Жауынгерлік Өнер Ассоциациясы басшысы Абат Имамбаев та бар.

Ол төтенше жағдай кезінде қалаға көмек беру үшін алғашқылардың бірі болып еріктілер қатарына тартылған. Қазір Абат Саматұлы жедел штаб жанындағы ротаны басқарады. Абат Имамбаевтың айтуынша коронавируспен күрес кезінде штабтың жұмысын жүйелі ету маңызды. «Жедел штаб Нұр-Сұлтан қаласында төтенше жағдай мен карантин кезінде қала өмірін барлық қажеттіліктермен қамтамасыз ету үшін құрылған. Біздің штабта жоғары білімді запастағы офицерлер жұмыс істейді. Бөлімше төрт топтан құрылған: халықпен тікелей желі ұйымдастыру, сараптама орталығы. Блок-посттар, мобильді патрульдің жұмысына бағытталған реттеу орталығы бар. Жедел штаб халықаралық тәжірибені негізге алып жұмыс істеуде, оның ішінде 911 қызметі бар. Штабта қалашетінен құрылған блокпосттарды бақылайтын бейнетақта бар. Штаб күні-түні вируспен күресті жалғастырып жатыр.

Мемлекет басшысы барлық еріктілерге алғыс айтып, аталған жұмысты «патриоттық қадам» деп бағалады. Жағдай қиын, бірақ бірігіп барлық қиындықты жеңеміз,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.