Меню

Build by appazov & Разработка сайта angrycode

Ассоциацияның президенті

Әнуар  
Төлеуханұлы
Садықұлов

Қазақстанның Жауынгерлік Өнер Ассоциациясының Президенті

Достар, әріптестер!

Сіздерді біздің ұйымның ресми сайтында көргеніме қуаныштымын. Қазақстанда жауынгерлік өнер түрлерінің дәстүрі бай екендігін білесіздер. Қазақ күресінен бастау алатын жекпе-жек өнерінің тарихы ежелден келе жатыр. Бұл атадан балаға мирас болып қалған аса құнды мұра десек болады. Біз осы дүниелерді бағалауымыз қажет. Аталған жекпе-жек өнері еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін қарқынды дами бастады.  

Бүгінде карате, самбо, грэпплинг, аралас жекпе-жек түрлері өскелең ұрпақтың аса үлкен қызығушылығын тудырып отырған спорт түрлері. Палуандарымыздың ауқымды жарыстардағы жеңістері жастардың салауатты өмір салтын ұстануына итермелейтіні анық. Қазақстан қашанда спорттық жарыстарды аса үлкен деңгейде өткізіп келеді. Мемлекет қолдауының арқасында елімізде балалар спорты дамуда. Спорт барлығына қолжетімді болуы тиіс. Дені сау ұрпақ – мықты мемлекеттің негізі. 

Құрметті достар! Қазақстанның Жауынгерлік Өнер Ассоциациясы құрамына енген спорт түрлері бұдан әрі де қарқынды дами береді деген сенімдемін. Құрметті оқырман, біздің ұйымның ресми дереккөзі Сіздің пайдаңызға жарайды деген үміттемін!