Build by appazov & Разработка сайта angrycode

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының сөзі

Нұрсұлтан
Әбішұлы
Назарбаев

Қазақстан Республикасының бірінші президенті 

Құрметті достар!

Халқымыз ежелден денсаулықтың қадірін жете түсініп, оны басты байлыққа балаған. Осы қағиданы берік ұстанған мемлекетіміз ел халқының ойы сергек, дені сау болуы үшін қолда бар мүмкіндіктің бәрін жасауда. Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті болады. Сондықтан спорттың бұқаралық сипатын дамыту - мемлекетіміздің стратегиялық басым бағыттарының бірі.

Спорт - елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала. Тәуелсіздік жылдары ел спортшылары халықаралық ірі жарыстарда топ жарып, көк байрағымыз асқақтай түсуде. Қазақ спортының деңгейі жылдан жылға көтерілуде. Бұл жолда Сіздердің еңбектеріңіз зор. Өскелең ұрпақты салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен айналысуға шақырамын. Дені сау ұрпақ жарқын болашақ кепілі.