Джиу-джитсудан AJP TOUR ASTANA Pro Gi халықаралық турнир
Джиу-джитсудан AJP TOUR ASTANA Pro Gi халықаралық турнир
2022 жылғы 3-4 желтоқсанда Астана қаласында джиу-джитсудан AJP TOUR ASTANA Pro Gi халықаралық турнир өтті. Биылғы жылы "Abu Dhabi Jiu-Jitsu Pro" Халықаралық турнирлер сериясы жаңа маусымын ел ордамыздан бастады. 5 елден: БАӘ, Бразилия, Ресей, Қырғызстан, Қазақстан келген 860 спортшы өз дағдылары мен кәсібилігін көрсетті.
Турнирді ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының джиу-джитсу Қауымдастығы Қазақстанның жауынгерлік өнер Ассоциациясының құрамына кіреді.
Әлеуметтік бастамаларды іске асыруды, сондай-ақ жобаларды қаржыландыру көздерін іздеуді KAZ Minerals Тобы ұзақ жылдар бойы сенімді серіктесі болып табылатын Ассоциация аппараты жүзеге асырады.