Бішкектегі Әлем чемпионатында Қазақстанның ұлттық құрама командасы жақсы нәтиже көрсетті

Бішкектегі Әлем чемпионатында Қазақстанның ұлттық құрама командасы жақсы нәтиже көрсетті

2022 жылы 11-13 қараша аралығында Самбодан Қазақстан құрамасы Бішкектегі Әлем чемпионатында 3 күміс, 7 қола медаль жеңіп алды. Осылайша, 50-ден аса мемлекет өкілдерінің қатысуымен өткен додада Қазақстанның ұлттық құ­рама командасы жалпы есепте 9-орынға тұрақтады. Барлық жүлдегер:

🥈Әсет Анарбаев
🥈Қайырберді Айдынбай
🥈Асылбек Смайылов

🥉Ділдәш Құрышбаева
🥉Арайлым Әбенова
🥉Айбек Саметаев
🥉Арнұр Қуатай
🥉Мирас Уәлиев
🥉Гүлдана Әлмұхамбетова
🥉Райхан Мәди

Қазақстандық спорттық және жауынгерлік самбо федерациясы жауынгерлік өнер түрлері бойынша 26 басқа Федерациямен қатар Қазақстанның жауынгерлік өнер Ассоциациясының (бұдан әрі - Ассоциация) құрамына кіреді (толық контактілі каратэ, джиу джитсу, грэпплинг, панкратион, ушу, кунг-фу, пенчак силат, муайтай, кикбоксинг, таеквондо, қоян қолтық күрес, белбеу күресі, унибой, ММА, киберспорт) кіреді.

Әлеуметтік бастамаларды іске асыруды, сондай-ақ жобаларды қаржыландыру көздерін іздеуді KAZ Minerals Тобы ұзақ жылдар бойы сенімді серіктесі болып табылатын Ассоциация аппараты жүзеге асырады.