Қазақстанның Жауынгерлік Өнерлер Ассоциациясы есептік конференция өткізді

Қазақстанның Жауынгерлік Өнерлер Ассоциациясы есептік конференция өткізді


2022 жылы 26 желтоқсанда Қазақстанның Жауынгерлік Өнерлер Ассоциациясы 2022 жылы Президент Е.А. Сағымбаевтың, вице-президенттер С. М. Жарасбаевтың, Б. С. Құнанбаевтың, С. А. Құранбектің, Ассоциацияның құрылтайшылары мен мүшелерінің қатысуымен есептік конференция өткізді. Ассоциация басшылығының жыл қорытындысы туралы есебі тыңдалды, олимпиадалық емес спорт түрлері саласындағы заңнаманы өзгерту, спорттық жекпе-жек өнерін дамыту және танымал ету үшін жағдай жасау жөніндегі жобаны іске асыру мәселелері жария етілді. Ассоциацияның Вице-президенті С.А. Құранбек мүше федерациялардың әлеуметтік дивидендтерінің нәтижелеріне жеке тоқталды. Айта кетейік, әлеуметтік бастамаларды іске асыруды, сондай-ақ жобаларды қаржыландыру көздерін іздеуді KAZ Minerals Тобы ұзақ жылдар бойы сенімді серіктесі болып табылатын Ассоциация аппараты жүзеге асырады..