Асхат Шахаров Ақтөбе облысының ҚЖӨА басшысы болып тағайындалды

Асхат Шахаров Ақтөбе облысының ҚЖӨА басшысы болып тағайындалды

Кеше Қазақстанның Жауынгерлік Өнер Ассоциациясының бас директоры Абат Имамбаев Ақтөбе өңірінің спорт қауымына Ақтөбе облысы бойынша ЖӨА-ның жаңа басшысы Асхат Шахаровпен таныстырды.

Асхат Шахаров – Ақтөбе қаласының әкімі.

Сонымен қатар, кезінде А.Шахаров атақты спортшы болған. Ол дзюдо мен самбодан еңбек сіңірген спорт шебері, дзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдегері, самбодан үш дүркін әлем чемпионы, екі дүркін әлем кубогының жеңімпазы, үш дүркін Азия чемпионы, Сиднейде өткен Олимпиада ойындарына қатысты.

Тағайындауға қатысты пікір білдірген ҚЖӨА басшылығы бұл өңірдегі жекпе-жек өнерінің, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер спортының дамуына серпін беріліп, барлық азаматтар үшін спорттың қолжетімді болуын қамтамасыз ететініне сенім білдірді.