2022 жылдың 8 қазанынан 6 қарашасына дейін киберспорттан ҚР Күзгі Кубогы өтті

2022 жылдың 8 қазанынан 6 қарашасына дейін киберспорттан ҚР Күзгі Кубогы өтті

Турнирдің іріктеу кезеңін Qazaq Cybersport Federation 2022 жылғы 8-23 қазан аралығында онлайн форматта өткізді.

Финал гибрид форматында ұйымдастырылған: PUBG MOBILE пәні бойынша онлайн-финал – 25 қазанда, ал LAN-финал 2022 жылдың 6 қарашасында Астана қаласындағы Қазмедиа орталығының ғимаратында өтті. Турнирге 600-ден астам ойыншы тіркелді. Күзгі Кубок 4 киберспорттық пәнінде өтті: FIFA 22, PUB MOBILE, Clash Royale және CS:GO.

Пәндер бойынша жеңімпаздар:

PUB MOBILE – RUKH ESPORTS командасы;

FIFA 22 - Ростислав Rosstar Стародубцев;

CLASH ROYALE - Дмитрий $D.I.M.A.S$ Юнг;

CS:GO – genofmiracles командасы: dukefissura, mag1k3y, kAlash, BLVCKM4GIC, D1sastrouS.

Qazaq Cybersport Federation олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша 26 басқа Федерациямен қатар Қазақстанның жауынгерлік өнер Ассоциациясының (бұдан әрі - Ассоциация) құрамына кіреді (толық контактілі каратэ, джиу джитсу, грэпплинг, самбо, панкратион, ушу, кунг-фу, пенчак силат, муайтай, кикбоксинг, таеквондо, қоян қолтық күрес, белбеу күресі, унибой, ММА) кіреді.

Әлеуметтік бастамаларды іске асыруды, сондай-ақ жобаларды қаржыландыру көздерін іздеуді KAZ Minerals Тобы ұзақ жылдар бойы сенімді серіктесі болып табылатын Ассоциация аппараты жүзеге асырады.

Басты мақсат – бұқаралық спортты дамытып, жастар мен жасөспірімдерді салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, олимпиадалық емес спорт түрлерінің халықаралық имиджін көтеру.