1XBET Qazaqstan Qyzmet Cyber Cup турнирінің қысқы ұтыс ойыны аяқталды.

1XBET Qazaqstan Qyzmet Cyber Cup турнирінің қысқы ұтыс ойыны аяқталды.

2023 жылғы 8-9 қаңтар аралығында Астана қаласында мемлекеттік қызметшілер, ұлттық компаниялар мен квазимемлекеттік кәсіпорындар қызметкерлері арасында киберспорт чемпионаты өтті. Қатысушылар ойын күні бойы көрермендерге әдемі ойын және көптеген эмоциялар сыйлай отырып, ойын дағдыларының жоғары деңгейін көрсетті.

 

FIFA 23 пәні бойынша өткен жарыста жүлделі орындарға ие болған үш ойыншы:

 

1 орын - Салкенов Алдияр-Astana IT University;

2 орын - Шулятиков Қанат-Астана қаласы бойынша денсаулық сақтау басқармасы;

3 орын - Нұрбек Олжас - ҚР сауда және интеграция министрлігінің Экономикалық интеграция департаменті.

 

Qazaq Cybersport Federation олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша 26 басқа Федерациямен қатар Қазақстанның жауынгерлік өнер Ассоциациясының (бұдан әрі - Ассоциация) құрамына кіреді (толық контактілі каратэ, джиу джитсу, грэпплинг, самбо, панкратион, ушу, кунг-фу, пенчак силат, муайтай, кикбоксинг, таеквондо, қоян қолтық күрес, белбеу күресі, унибой, ММА) кіреді.

Әлеуметтік бастамаларды іске асыруды, сондай-ақ жобаларды қаржыландыру көздерін іздеуді KAZ Minerals Тобы ұзақ жылдар бойы сенімді серіктесі болып табылатын Ассоциация аппараты жүзеге асырады.