Меню

Build by appazov & Разработка сайта angrycode

12:12 Ассоциацияның жаңалықтары 21 декабря 2020

ҚЖӨА-ның Құрметті Президенті жаттықтырушыларды марапаттады

Бүгін Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Jekpe-jek» сарайында Қазақстанның Жауынгерлік Өнер Ассоциациясы Президенті Кәрім Мәсімов Президенті Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен еліміздің спорт саласына қосқан үлесі үшін бірнеше азаматты "Құрметті спорт қызметкері" төсбелгісімен марапаттады.

Марапатталғандардың қатарында Қазақстандағы Бунбукан Кобудоның бас нұсқаушысы Светлана Ким, ҚР Окинава годзюрю каратэ қауымдастығының төрағасы, бас нұсқаушысы Кәрмен Амангелді, Ақтөбе облыстық джиу-джитсу федерациясының Президенті, джиу-джитсудан Қазақстан Ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы Әшім Қали, «Alash Pride» кәсіпқой жекпе-жек клубының Президенті Данияр Қасқарауов, Аралас жекпе-жек, панкратион және греплинг Ұлттық федерациясының Президенті Мекеев Сағындық, Спорттық және дәстүрлі каратэ Атырау облыстық федерациясының Вице-президенті, төрешілер алқасының Төрағасы Сансызбай Торғаев, «Octagon» кәсіпқой жекпе-жек лигасының Президенті, промоутер Нұраддин Садықов бар.

Қазақстанның Жауынгерлік Өнер Ассоциациясының Құрметті Президенті өз сөзінде жаттықтырушыларды Тәуелсіздік Күнімен құттықтай келе, аталған марапаттың жекпе-жек спорт түрлерін дамытуда жасаған еңбектің көрінісі екендігін айтты.

«Біздің басты мақсатымыз – спортты дамыту ғана емес, сондай-ақ, жаңа чемпиондарды дайындап, өскелең ұрпақтың санасын дұрыс бағытта қалыптастырып, жастардың бойына жоғары моральдық қасиеттерді сіңіру. Жастар өз мойындарына жауапкершілікті ала білулері керек, тек өздері үшін ғана емес, айналасындағы адамдарға да жауапты болу маңызды. Сондықтан, жастарды тәрбиелеуде Сіздердің атқаратын рөлдеріңіз аса үлкен. Абыройларыңыз арта берсін. Еңбектеріңіз жана берсін!»-,деді Кәрім Қажымханұлы.

Айта кетейік, аталған салтанатты шара еліміздің Тәуелсіздік күніне арналған болатын.