Меню

Build by appazov & Разработка сайта angrycode

09:12 Ассоциацияның жаңалықтары 16 декабря 2020

ҚЖӨА-ның Президенті Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қазақстанның Жауынгерлік Өнер Ассоциациясының Президенті Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов бүгін, 16 желтоқсанда атап өтілетін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

«Мемлекетіміздің еркіндігі, өркендеуі мен қуатының символы болып табылатын мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыз. Тарихи өлшемдер бойынша өте қысқа мерзімде Қазақстан халқы демократиялық, құқықтық және экономикалық тәуелсіз мемлекет құра алды.

Өзінің бейбіт саясаты, экономикалық реформалары мен демократиялық қайта құруларының арқасында Қазақстан әлемдік аренада болашаққа сеніммен қарқынмен дамып келе жатқан мемлекет ретінде беделге ие болды.


Осы айтулы күні баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және тұрақтылық тілеймін! Сіздің үйіңізде әрқашан бейбітшілік, келісім және өзара түсіністік салтанат құрсын. Тәуелсіздік күні!» – деді құттықтау сөзінде Ә.Садықұлов.