Меню

Build by appazov & Разработка сайта angrycode

11:12 Ассоциацияның жаңалықтары 24 декабря 2020

ҚЖӨА-ның Президенті «Alash Pride 37» турнирінiң қонағы болды

Кеше Алматыда Rixos Hotel Almaty қонақ үйінде MMA Alash Pride 37 турнирі өтті.

Жарыстың басты жекпе-жегiнде қазақстандық Азамат Бақытов (4-0) пен Қырғызстан өкілі Хабибулла Асқарбек уулумен (3-1) кездесті. Жекпе-жек бірінші раундта қазақстандықтың техникалық нокауттық жеңісімен аяқталды.

Сонымен қатар, қазақстандық Асхат Акимов (5-1-1) екінші айналымда техникалық нокаутпен қырғызстандық Қаныбек Жаныбек уулын (11-7) жеңді.

Турнирге Қазақстанның Жауынгерлік Өнер Ассоциациясының Президенті Әнуар Садықұлов қатысты.

Турнир аясында Ә.Садықұлов Алматыдағы «Алаш Прайд» промоутерлік жетекшілері Данияр Қасқарауовпен, Нұрбек Қарабаламен («NFC») және Нураддин Садыковпен («ОКТАГОН») кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар 2021 жылға дейінгі ынтымақтастықтың алдағы жоспарларын талқылады.