ҚЖӨА ауқымды қайырымдылық акциясын өткізуде
Қазақстан Республикасының 29-жылдығына орай Қазақстанның Жауынгерлік Өнер Ассоциациясы аз қамтылған, көп балалы отбасылар мен онкологиялық аурулармен күресіп жатқан балаларға қайырымдылық акциясын бастайды.
Нұр-Сұлтан, Алматы және Ақтау қалаларының спортшылары 50-ден астам көп балалы отбасылар мен бөбектер және балалар үйінің тәрбиеленушілеріне көмек қолын созып бастады.
#Sporthalyqpenbirge хэштегімен жақсылық эстафетасын елімізге танымал спортшылар мен спорттық федерациялар өкілдері қолдап әкетті.