Меню

Build by appazov & Разработка сайта angrycode

09:03 Ассоциацияның жаңалықтары 20 марта 2021

Жауынгерлер Наурызды жаңа форматта қарсы алды

Қазақстанның Жауынгерлік  Ассоциациясы мен «Qazaq kuresi» Қауымдастығының өкілдері танымал спортшылар, спорт түрлері бойынша Федерациялармен бірлесіп, 22-наурыз мейрамы қарсаңында барлық өңірлерде қайырымдылық шараларын ұйымдастырып, ағаш түптерін отырғызды. Аталған «жасыл» шара Наурыз мейрамын жаңаша тойлау тұжырымдамасы негізінде өткізіліп отыр. Бұған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында көктем мейрамының мазмұнын байытуға көңіл бөлу қажеттігін айтқан болатын. Соның аясында Наурызды 10 күн бойы тойлау ұсынылған еді. Аталған құжатта барлық күндер белгіленген. Оның ішінде 19 наурыз – Спорт және жоғары шеберлік күні деп танылған болатын. 

Сонымен қатар, қос ұйымның өкілдері аз қамтылған 25 отбасыға азық-түлік өнімдерін жеткізіп берді.