Меню

Build by appazov & Разработка сайта angrycode

06:11 Ассоциацияның жаңалықтары 2 ноября 2020

«Жас Жауынгер» клубының ерекше қажеттіліктері бар балалары Балқаштағы санаторийге жолға шықты

ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің бастамасымен, ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің қолдауымен «Жас Жауынгер» дене-шынықтыру сауықтыру клубының ерекше қажеттіліктері бар балалары Комитетке бағынысты Балқаштағы санаторийде емдік дене шынықтыру сауықтыру ем-домын алу үшін жолға шықты.

Айта кетейік, Қазақстанның Жауынгерплік Өнер Ассоциациясы Президенті Әнуар Садықұлов жуырда өткен «Жас Жауынгер» фестивалінде балаларға арналған әлеуметтік жобаларды ұйымның әрқашан қолдайтынын айтқан еді.

Анықтама үшін: Қазақстанның Жауынгерлік Өнер Ассоциациясы ЖАС ЖАУЫНГЕР жобасын осы жылы бастады. Бұл жоба ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған. Ассоциацияның басты мақсаттарының бірі –балалардың кедергісіз спортпен айналысуларына жағдай жасау.