Build by appazov & Разработка сайта angrycode

06:03 Ассоциацияның жаңалықтары 24 марта 2020

Токио-2020 Олимпиада ойындары келесі жылға қалдырылды

Жапонияның премьер-министрі Синдзо Абе Халықаралық Олимпиада комитетінен жазғы Токиода өтетін Олимпиада ойындарын коронавирус пандемиясына байланысты кейінге қалдыруды сұрады. Халықаралық Олимпиада Комитеті бұл шешімді қолдады.

Синдзо Абе Олимпиада тоқтатылмайтынын тек уақыты шегерілетінін мәлімдеді. Оның айтуынша, Токио Олимпиада және Паралимпиада ойындарын коронавирус инфекциясынан жеңісі ретінде өткізеді. Жапония премьері Олимпиада өтетін мерзімді нақты жарияламады, оның айтуынша ол 2021 жылдың жазынан бұрын өткізілмейді.

Олимпиаданың атауы – «Токои-2020» болып қала бермек.