Build by appazov & Разработка сайта angrycode

06:03 Ассоциацияның жаңалықтары 24 марта 2020

SportAccord спорттық Саммиті өтпейтін болды

SportAccord спорттық Саммиті өтпейтін болды

ЛОЗАННА, Швейцария - SportAccord осы жылға жоспарланған Дүниежүзілік спорттық және іскерлік Саммитінің өтпейтінін хабарлады. Айта кетейік, шара 19-24 сәуір аралығында Швейцарияның Лозанна қаласында өтуі тиіс болатын.

28 ақпанда Швейцарияның федералды үкіметі 1000 адамнан асатын ауқымды шараларды өткізуге тиым салған болатын. Аталған тиым өз күшіне 15 наурызға дейін енген еді. Алайда, 11 наурызда Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 вирусын ресми түрде пандемия деп жариялады.

Құрамына 2000 делегат кіретін SportAccord ұйымы, Халықаралық спорттыұ Федерацияларға, серіктестер мен қатысушыларға уақыт беріп, аталған шараны өткізу не өткізбеу туралы шешім қабылдау қажеттігін айтқан болатын.

«Біздің басты мақсатымыз – қатысушылардың денсаулығы. Шараға келетін әрбір делегаттың аман-сау болуы бізге байланысты. Біз барлығын жан-жақты ойластырып барып, осындай шешімге келіп отырмыз,-деді ұйым Президенті Раффаэле Чиулли.

SportAccord ұйымының басқарушы директоры Нис Хатт: « COVID-19 індетінен кейін SportAccord ұйымы аталған саммитті тиімді түрде өткізу жағын ойлады. Бірақ, бұл жоспарды аталған пандемия іске асырмай тастап отыр. Біз Сіздерге келтірген қандай да бір ыңғайсыздық үшін алдын ала кешірім сұраймыз. Біз келесі жылы Ресейдің Екатеринбург қаласында SportAccord World Sport & Business Summit жоғары деңгейде өткізуге бар күшімізді саламыз, 2021 жылдың 23-28 мамыры аралығында барлық достарымызды сол жерде күтеміз, деді Нис Хитт.