Меню

Build by appazov & Разработка сайта angrycode

06:10 Ассоциацияның жаңалықтары 8 октября 2020

Облыстық ҰҚК департаменттерінің басшылары өңірлердегі Қазақстанның Жауынгерлік Өнер Ассоциациясы Құрметті Президенттері атанды

Еліміздің барлық облысында, сонымен қатар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында облыстық Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті басшылары өңірлік Қазақстанның Жауынгерлік Өнер Ассоциациясы Құрметті Президенттері қызметіне сайланды.

Мұндай қадам жергілікті жерлерде жауынгерлік өнер түрлерінің дамуына, материалды-техникалық базаның жақсаруына ықпал етеді, дейді Қазақстанның Жауынгерлік Өнер Ассоциациясы басшылығы.

Қазақстанның Жауынгерлік Өнер Ассоциациясы 2018 жылдың 26 қарашасында құрылды. Ұйым құрамына олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша 25 федерация кірді. Ассоциацияның басты мақсаты – елімізде жауынгерлік өнер түрлерін дамыту, өскелең ұрпақты бұқаралық спортпен айналысуға итермелеу, қазақстандық спорттың дәрежесін халықаралық аренаға көтеру. Ассоциация төрт бағыт бойынша жұмыс жүргізеді: карате, жекпе-жек түрлері, толық контактілі спорт түрлері, аралас ММА жекпе-жек түрлері.

Қазақстанның Жауынгерлік Өнер Ассоциациясының Құрметті Президенті – Кәрім Мәсімов. Президент – Әнуар Садықұлов, Бас хатшы – Фархат Аманқұлов.