Меню

Build by appazov & Разработка сайта angrycode

12:07 Ассоциацияның жаңалықтары 3 июля 2020

К.Мәсімов Абдулманап Нурмагомедовтың жақындарына көңіл айтты

Құрметті Абдулманап Магомедұлының туған туыстары мен жақындары!

Қазақстанның Жауынгерлік Өнер Ассоциациясы және өз атымнан Абдулманап Магомедұлының өмірден озуына байланысты қайғырып көңіл айтамын. Ол қазақ халқының жақын досы болатын, қашанда қазақ спортшыларының қолдау білдіретін. Оның Қазақстанға келуі спортшылар үшін әрқашан жаңалық болатын. Ал оның мотивациялық сөздері жастарға рух беретін. Абдулманап Магомедұлы жаттықтырушылықты қоғамдық жұмыспен ұштастыра білді, көп уақытын қайырымдылыққа жұмсады. Әйгілі жаттықтырушы туралы жақсы естелік тер әрдайым біздің жадымызда мәңгіге сақталады. Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын.