Меню

Build by appazov & Разработка сайта angrycode

01:12 Ассоциацияның жаңалықтары 13 декабря 2020

Бағдат Жұбаныш әуесқой ММА бойынша 2020 жылдың үздігі атанды

Қазақстандық Бағдат Жұбаныш әуесқой ММА бойынша 2020 жылдың ең үздік файтері атанды. Халықаралық аралас жекпе-жек федерациясы (IMMAF) жыл сайын өтетін IMMAF Awards 2020 жеңімпаздарын жариялады.

Prosports.kz жазуынша, Бағдат Жұбаныш "Ерлер арасында үздік спортшы" номинациясында жеңімпаз атанған. Қазақстандықпен бірге жеңімпаздар қатарында Ата Атдаев (Украина), Гаджимурат Багаутдинов (Ресей), Муртаза Тала Али және Рамазан Гитинов (екеуі де Бахрейн атынан өнер көрсетеді) бар.

Айбек Шоқпытов атындағы "Еркін-күш" жекпе-жек мектебінің тәрбиеленушісі, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Бағдат Жұбаныш екі дүркін әлем чемпионы (2018, 2019), Азия чемпионы (2019).

Еске салайық, 2019 жылдың соңында Бағдат Жұбаныш Қазақстан жекпе-жек өнері ассоциациясынын ең үздік күрескер болып танылды.