Меню

Build by appazov & Разработка сайта angrycode

12:06 Ассоциацияның жаңалықтары 15 июня 2020

Қазақстанның Жауынгерлік Өнер Ассоциациясының Құрметті Президенті Кәрім Мәсімов Мария Агапованы UFC турниріндегі жеңісімен құттықтады

Лас-Вегас – Қазақстанның Жауынгерлік Өнер Ассоциациясының Құрметті Президенті Кәрім Мәсімов Мария Агапованы UFC on ESPN 10 турниріндегі жарқын жеңісімен құттықтады.

«Құрметті Мария! Қазақстанның Жауынгерлік Өнер Ассоциациясы және жеке өз атымнан Сізді UFC on ESPN 10 турниріндегі жарқын жеңісімен құттықтаймын. Сіз қазақстандық ММА-дың халықаралық тарихын жаздыңыз. UFC тарихында алғаш рет октагонға Қазақстан спортшысы шығып отыр. Біз Сізбен мақтанымыз. Сізге халықаралық спорттық аренада тағы да жарқын жеңістер тілеймін. Жұлдызыңыз жансын!».

Айта кетейік, 14 маусымда Лас-Вегаста қазақстандық Мария агапова мен американдық Ханна Сайферс арасында кездесу өткен болатын. Мария агапова үш минутта сабмишн әдісін жасап, жеңіске жетті. Осылайша, Мария өзінің кәсіби мансабында тоғызыншы, UFC –де алғашқы жеңісіне қол жеткізді.