Build by appazov & Разработка сайта angrycode

12:03 Ассоциацияның жаңалықтары 3 марта 2020

Қазақстанның Жауынгерлік Өнер Ассоциациясы короновирусқа қатысты жағдайды бақылауға алды

Баспасөз-хабарламасы

Нұр-Сұлтан – Қазақстанның Жауынгерлік Өнер Ассоциациясы короновирусқа қатысты жағдайды бақылауға алды. Осы орайда Ассоциация Қазақстан Республикасында 2020 жылдың бірінші жартыжылдығына жоспарланған шетелдік азаматтардың қатысуымен халықаралық спорттық жарыстарды өткізуді тоқтатуға, сондай-ақ, коронавирусты жұқтыру жағдайлары тіркелген елдерге спорт түрлері бойынша спортшыларды іссапарға жіберуді болдырмауға, сондай-ақ, коронавирусты жұқтырудың алдын алу мақсатында басқа елдерге сапарларды тоқтатуға ұсыныс жасайды. 

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев Қазақстан Республикасының Үкіметіне азаматтардың денсаулығын қорғау мақсатында түбегейлі шаралар қабылдау тапсырған болатын.