Меню

Build by appazov & Разработка сайта angrycode

12:07 Ассоциацияның жаңалықтары 5 июля 2020

Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Қазақстанның Жауынгерлік Өнер Ассоциациясы атынан Сізді 80-жылдық мерейтойыңызбен құттықтаймыз.

Қазақстанның егемен тарихы түгелдей Сіздің есіміңізбен байланысты. Тәуелсіз еліміздің спорт пен мәдениет, басқа да маңызды салаларындағы жетістіктеріне Сіздің қосқан үлесіңіз зор. Ел спортшыларына қашанда жан-жақты қолдау танытып, өзіңіз салауатты өмір салтын ұстанудың шынайы үлгісі болып келесіз. Қазақстанның беделін бүкіл әлемге танытып, болашағымызды жарқын етіп, ұлтымыздың шын мәніндегі кемеңгер көшбасшысына айналдыңыз.

Бүгінгі атаулы күні Сізге тек мықты денсаулық, отбасыңызға бақ-береке, амандық тілейміз.