Build by appazov & Разработка сайта angrycode

01:03 Ассоциацияның жаңалықтары 8 марта 2020

Шығыс жекпе-жегі фестивалі

7 наурыз күні Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Шығыс жекпе-жегі фестивалі өтті. Спорттық іс-шараға алты қалалық федерациядан 1000 астам спортшы қатысты.

Фестивальдің мақсаты: олимпиадалық емес спорт түрлерін дамыту және қала тұрғындарының спортқа деген қызығушылығын арттыру.

Шараның ашылу салтанатында Алматы қалалық Жауынгерлік өнер Ассоциациясының жетекшісі Елхан Әменұлы Аманқұлов фестиваль жайында өзінің пікірін білдірді.

- Құрметті алматылықтар және қала қонақтары! Сіздерді шығыс жекпе-жегі фестивалінің ашылуымен құттықтаймын. Бұл жәй Фестиваль емес, нағыз жауынгерлік рухтың мерекесі. Осы жарысқа қатысқан жас спортшыларымыз болашақта үлкен жетістіктерге жетеді және халықаралық ареналарда көк туымызды желбіретеді деп сенемін, - деді Елхан Әменұлы.

Фестиваль барысында муайтай, ушу-саньда,  карате-до шотокан, каратэ-до кекушинкай, джиу-джитсу комбат систем және таэквондо ITF жас спортшылары жекпе-жек өнерінен қойылымдар көрсетті.

Шығыс жекпе-жегі фестивалінің шымылдығын муайтай спортшылары ашты. Муайтайдан Қазақстан спорт шебері Тұрсұнова Наири тайбоксшылардың «вай кру рам муай» ритуалдық биін биледі. Одан кейін ушу саньда, таэквондо және басқа спорт түрлерінің атлеттері шеберлігін көрсетті.


Балуан Шолақ атындағы спорт сарайының аренасында өткен жарыстарға 5 жастан 17 жасқа дейінгі 1000 астам спортшылар қатысты. Олардың арасында каратэ-до кекушинкай федерациясынан 500 адам.

Осы сайыста Қазақстан, Еуропа, Азия мен Әлем чемпионаттарының жүлдегерлері және жеңімпаздары да бақ сынады.

Дүбірлі дода кешке дейін жалғасты. Алып шаhарда өткен турнирінің жеңімпаздар мен жүлдегерлері медаль және дипломдармен марапатталды. Бірінші орын алғын спортшыларға «Шығыс жекпе-жегі фестивалінің» кубогы табысталды.