Меню

Build by appazov & Разработка сайта angrycode

09:03 Ассоциацияның жаңалықтары 22 марта 2021

Алматы қаласының жауынгерлік өнер ассоцияциясы және қалалық муайтай федерациясы «Жақсылық жаса» акция аясында қайрымдылық іс-шарасын өткізді.

FFОнтүстік астанамыздың ақжүрек азаматтары Наурыз мерекесіне орай көп балалы отбасылардың үйілеріне арнайы барып, азық-түлік себеттерін таратты.

« «Жақсылық жаса» акциясы басталып, қайырымдылық шараларға еліміздің түкпір-түкпіріндегі азаматтар атсалысып жатыр. Сол себептен біз де осындай қиын-қыстау заманда көп балалы және жағдайы төмен отбасыларға қолдан келгенше көмек жасап жатырмыз. Жақсылық жасау әр адамның парызы, борышы. Сондықтан, игі істер жасауға асығайық, ағайын» - дейді Алматы қаласының муайтай федерациясының аға бапкері Диас Қасенов.


Көмек көрсетілген отбасы мүшелері қайырымдылық шарасын ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.

Спортшылардың айтуынша, олар осындай қайырылымдық іс-шараларды жие өткізуге тырысады.

#жақсылықжаса #творидобро #jayynger #muaythai